«Сенімді серіктес». Тоқаев Оман сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

659
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/J3KFy8W0klENjPy4Jx3aZ0reH792gNsBlvMRBopy.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы бүгін, 20 қарашада Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы еліміз Оманды араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп қарастыратынын айтты.

Сонымен қатар Астана мен Масқат арасындағы достыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.

Комментарии