Мемлекет басшысының Жарлығымен фельдшер Ұлдана Мырзуанға "Ерлігі үшін" медалі берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды", - делінген жазбада.
Еске сала кетейік, 23 жастағы фельдшер 8 қараша күні Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлаған сәтте зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге ұмтылып, ауыр жарақат алған. Алайда ол 18 қарашада көз жұмды.
Ұлдана Мырзуан бес жыл бойы фельдшер болып еңбек еткен.
Новости по теме