Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды

1023
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8wbA0mqJrWV6PCihPwPyTEhDi94IO578LdWDEb9B.webp

Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 15 қарашада Қазыбек би ауданындағы Республика даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған. Полицияға 2006 жылы туған бойжеткеннің терезе алдына шығып тұрғаны туралы хабар түскен.

«Шатырдан альпинистік құрал-жабдықты пайдаланып түскен құтқарушылар  қызды пәтер ішіне қауіпсіз кіргізіп, сол арқылы мүмкін болатын қайғылы жағдайдың алдын алды. Құтқарылған азаматша жедел жәрдем бригадасына табысталды»,- делінген хабарламада.

Комментарии