Қазақстан әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметова өмірден өтті. Қайғылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді, деп хабарлайды “Адырна”.
Министрлік марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әдеби қауымға және барша қазақстандықтарға көңіл айтатынын жеткізді.
Күләш Ахметова қазақ поэзиясында нәзік лирикасымен, азаматтық асқақ үнімен және ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесімен ерекшеленген. Оның «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» сияқты жыр жинақтары бірнеше буын оқырмандардың жүрегінде із қалдырған.
Новости по теме