Қарағандыда 10 жастағы бала мысығын алмақ болып, үшінші қабаттағы балконнан құлап кете жаздады. Оған құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды "Адырна".
ҚР ТЖМ мәліметінше, Қарағанды қаласының Дүйсембеков көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде қауіпті оқиға болды. Құтқару қызметіне куәгерден үшінші қабаттағы балконда баланың асылып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына дереу ТЖД күштері шықты. Құтқарушылар жедел түрде пәтерге көтеріліп, 2015 жылы туған баланың өз мысығын алуға тырысып балконның жақтауына ұсталып тұрғаны анықтады.
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Новости по теме
Главы АФМ Д.Малахов, НПП «Атамекен» Р.Баталов и Уполномоченный по защите прав предпринимателей К.Нуров договорились о взаимном сотрудничестве
«Главная задача — взрастить поколение честных и ответственных людей» - Директор Института Сорбонна-Казахстан Айнур Сабитова