Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев қамауға алынды. Бұл туралы бүгін, 12 қарашада Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызмет айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Сот күдіктіні екі ай мерзімге сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін қамауға алу туралы санкция берді. Басқа ақпарат жарияланбайды»- делінген хабарламада.
Kazinform агенттігінің мәліметінше, Шабықбаев Қылмыстық кодексінің «пара алу» бабы бойынша күдікке ілінген.
Айта кетейік, 40 жастағы Cағындық Шабықбаев бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған.
Новости по теме