"Хутор" тобы. Хасан Қасымбаев бастаған адамдарға сот үкімі шықты

976
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7hQ4VYldSnBouZmcHR12oVSERpIY8aNXX6PybXtZ.jpg

Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, ауыр дене жарақатын келтіру және бопсалау ісі бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға орта қауіпсіздігі бар мекемеде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Сот процесіне тағы бес күдікті қатысты. Оларға да сол сияқты баптар бойынша 8-ден 22 жылға дейінгі мерзімге сот үкімі шықты.

Сот соңында Қасымбаев өзін кінәлі деп санамайтынынын мәлімдеді. Алайда сот оның өтінішін қабылдамады.

Іс материалы бойынша, 2021 жылы жазда Талғарда күдіктілер ұрыс өнері бойынша жаттықтырушы Арман Әлімовқа шабуыл жасап, оны Кендала ауылының шетіне апарып, соққыға жыққан. Қылмыстың себебі – Әлімовтың «Қасымбаев мен үшін авторитет емес» деген сөзі деп көрсетілген. Сонымен қатар, Қасымбаев кәсіпкер Әріпжан Тәжиевтен бір миллион теңге талап етіп, оны соққыға жыққан.

Хасан Қасымбаев Талғарда «Хутор» тобының басшысы деп аталады. Алайда бұл топтың ресми түрде тіркелгені немесе бар екені дәлелденген жоқ. ҚР ІІМ және прокуратура өкілдері 2024 жылы бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Айта кетейік, бұған дейін Хасан Қасымбаевтың туыстарының мәлімдемесін жариялаған едік. 

Комментарии