Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аруна Жангелдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна".
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, отандасымыз 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Финалда Жангелдина Камерун балуаны Георгику Мунесті жеңді.
Айта кетейік, Аруна осы ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Новости по теме