Трамппен келіссөз жүргізеді. Тоқаев Вашингтонға барды

998
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tYyYRkAdFEakFZjC5iNyyKfDvGjJbD2BTRZV2ffh.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 6 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президентті АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.

Айта кетейік, ертең Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

 

 

 

Комментарии