Ресей бидайын сатып алатын елдер саны 50-ден 30-ға дейін азайған

736
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yqqLT0m4I2TNiiTxZaoSNGqMMIpdOqLYIqat14eD.webp

Қазан айында Ресейдің астық экспорты 20 пайызға қысқарды. Бұл туралы Ресей астық одағы аналитикалық департаментінің директоры Елена Тюрина мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Интерфаксқа сілтеме жасап.

2024 жылдың қазанында Ресей шетелге шамамен 8 миллион тонна астық жіберсе, биыл бұл көрсеткіш 6,45 миллион тоннаға дейін төмендеген. Оның ішінде бидай экспорты 14,2 пайызға азайып, 6,02 миллион тоннаны құраған.

Тюринаның айтуынша, ресейлік бидайды сатып алушы елдердің саны да азайған. Былтыр 50 мемлекет сатып алса, биыл бұл көрсеткіш 30 елге дейін қысқарған.

Ең ірі импорттаушы ел — Мысыр, алайда биыл сатып алу көлемі де 16,3 пайызға төмендеп, 1,3 миллион тоннаға жеткен. Ал Түркия, керісінше, импорт көлемін екі есеге жуық арттырып, 883 мың тоннаға дейін жеткізген.

Сондай-ақ бидай сатып алуды арттырған елдер қатарында Иран (545 мың тонна), Бангладеш(495 мың тонна), Ливия (290 мың тонна), Сауд Арабиясы (153 мың тонна) бар.

Комментарии