Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы бүгін, 30 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барған еді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы жалпы дебатта сөз сөйлеген болатын.
Новости по теме
Если политическая реформа - это смена механизмов, то «Адал азамат» - это смена ментальности – эксперт о реформах Токаева