Қытайдың Қазақстанда екінші АЭС салу мүмкіндігін зерттеп жатқаны айтылды

1234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fmZCnuBlSEF2soKRNOxbsVvfUUTvr7dO62sxGxi8.jpg

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытай мердігерлерінің елімізде екінші атом электр станциясын салу мүмкіндігін зерделеп жатқанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қытайлық мердігерлердің атом станциясын салуға қатысу мүмкіндігін зерттеу жөнінде тиісті меморандумға қол қойдық. Олар мүмкіндіктерді зерттеп жатыр. Болжам бойынша, жағдай "Росатоммен" болған сценарийге ұқсас болады. Яғни, қытайлық әріптестеріміз жобалау және іздестіру жұмыстарына алдын ала қызығушылық танытып отыр. Бұл жағдайда Алматы және Жамбыл облыстарындағы учаскелер зерттелетін болады. Қазір біз әкімдіктерге осы алаңдарды анықтап, рұқсат беруді сұрадық»,—деді ол.

Еске салайық, қазан айында Сәтқалиев Алматы облысында тағы бір АЭС салынуы мүмкін екенін айтқан еді. Елдегі алғашқы АЭС-ты салу жұмысы Ресейдің «Росатом» компаниясына берілген болатын. 

Комментарии