Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.
Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.
Новости по теме
Конкурс «Жігіт сұлтаны» в честь 190-летия Биржан сала, 160-летия Балуана Шолака и 100-летия Рахимжана Кошкарбаева и Кокена Шакеева провели в Акмолинской области