Алты жыл бұрынғы Bek Air апатын зерттеуге жасанды интеллектіні қолдану ұсынылды

608
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Th7XTJ2ZFtHHATmcTLILDJGTjk3oQJJcTuQY4HMA.jpg

Bek Air әуе компаниясының құлауына қатысты тергеу барысында апаттың нақты себебі ЖИ көмегімен анықталмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Адвокат Сергей Державецтің айтуынша, алғашқы сот-медициналық сараптама асығыс жүргізілген және тергеудің бастапқы кезеңінде тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын білмеген.

«Сарапшылар толық жауап бере алмады, себебі олардың өздері апаттың қалай болғанын анық түсінбеді. Сондықтан олардың қорытындысы толық емес. Мен соттан ұшақтың сағатына 100 және 200 шақырым жылдамдықпен жерге соғылуы кезіндегі жағдайды ЖИ арқылы модельдеуді сұраймын. Мұндай соқтығысу кезінде, тіпті ол бір секундтың бір бөлігіне ғана созылса да, аман қалу мүмкін емес. Медициналық қорытынды жасағанда бұл фактор ескерілуі тиіс», – деді адвокат.

Державецтің ұсынысын адвокат Нұрлан Халиков та қолдады. Оның айтуынша, тергеу барысында көптеген маңызды аспектілер ескерілмей қалған, ал кейбір сараптамалар үстірт жүргізілген.

«Қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер сараптама іске қатысты болса, оны тағайындаудан бас тартуға құқылы емес. Біз көтеріп отырған мәселелер тікелей өлім себебіне байланысты», – деді ол.

Айта кетейік, 2019 жылы Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағына қатысты тергеу ісі аяқталғаны хабарланған.

Комментарии