Ыстамбұлдағы байқауда қазақ карикатурисі марапатталды

1343
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K576GMye9JIUeAn3U1QLHYiNxJJOdcw2BVra89M0.webp

Карикатурашы Ғалым Смағұлұлы 16-шы Халықаралық туристік карикатурашылар байқауында марапатқа ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

18 қазанда Ыстамбұлда өткен  шығармашылық додаға 49 елден 356 суретші қатысып, барлығы 572 туынды ұсынылған.

Жеңімпаздар марапаттарын Ыстамбұлдың Бейоғлу ауданындағы «Метрохан» ғимаратында өткен салтанатты рәсімде алды.

Ересектер санатында ирандық Менди Азизи бірінші орын алса, түркиялық Өмер Чам - екінші орынды, ал хорватиялық Можмир Михатов үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар профессор Атила Өзердің арнайы жүлдесін болгариялық Алла және Чавдар Георгиевтер иеленсе, Фехми Кофтеоглу атындағы жүлде Қазақстаннан Ғалым Смағұлұлына табысталды.

Комментарии