Атап айтқанда, Сырдария тұрғын үй алқабы мен Алматы көшесі бойында аулаларды ретке келтіру, тартан жабындысын төсеу, ойын алаңшаларын қалыпқа келтіру және орындықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындардан түскен өтініштер негізінде аулалардағы жарық шамдарын көлегейлеген ағаш бұталары кесіліп, қураған және сынған ағаштар тазартылды.
Қала көшелерінде тазалық жұмыстары тұрақты түрде атқарылып, арамшөптер ору және жинау шаралары ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, О.Жарылқапов, Баялиев, Аягөз, Алматы көшелері мен Кентау тасжолы бойында жасыл аймақтарды суғару жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Новости по теме