Түркістанда жол сапасы жақсарып, көшелер жаңаруда

685
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6fAn4Dp7vXqNlPxGh87qZHk8IfwdjqNMwL9naZKW.jpg
Қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған.
Жол сапасын жақсарту және халыққа қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында биыл қосымша 138,5 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл жұмыстар толық орындалған жағдайда, қаладағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін артады.
Жол жөндеу жұмыстары аясында қаладағы бірқатар негізгі көшелерде ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Атап айтқанда, Тәуке хан көшесі, Әл-Фараби көшесі мен М.Тынышқұлов көшесі толық жөндеуден өтті. Жолдардың сапасы мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи құрылыс стандарттары сақталды.
Комментарии
Другие материалы