“Адырна” ұлттық порталының YouTube арнасы жаңа шығарылымын ұсынады. Бұл жолғы қонақ – қолөнер шебері, өнер жанашыры Бұлбұл Кәпқызы.
Подкаст барысында спикер өнердің адам жанына әсері мен оның рухани қуатқа айналуы туралы әңгімелейді. «Мені депрессиядан құтқарған – өнерім. Адам арнасын тапса, мұхитқа құяды», – дейді ол.
Сондай-ақ сұхбатта:
-
қолөнердің әйелдің мінезі мен ішкі тепе-теңдігіне әсері;
-
ұлттық ою-өрнектердің мазмұны мен мағынасы;
-
дәстүрлі өнердің бүгінгі қоғамдағы рөлі;
-
өнерді табыс көзіне айналдырудың қыр-сыры талқыланады.
Бұл шығарылым – өнердің емдік күші мен ұлттық мұраның мәнін терең ұғындырғысы келетін көрерменге арналған.