Қазақстан паспортының жаңа дизайны әзірленіп жатыр

770
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DyQrZcorgOHUZoatrNu4P4mZpixsmfSE5NwyA63s.webp

Елімізде Қазақстан азаматтарының паспортының жаңа дизайнын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин атап өткендей, қазіргі қолданыстағы паспорт дизайнына 17 жыл болған.

Жаңа құжатты енгізу кезінде оның құны өзгермейді, сондай-ақ жаппай ауыстыру жүргізілмейді.

Жаңа үлгідегі паспорттар азаматтарға мерзімі аяқталған, бүлінген немесе жеке қалауы бойынша ғана беріледі.

«Жаңа дизайнды әзірлеу барысында халықаралық стандарттар мен қазіргі үрдістер ескерілді: минималистік стиль, визалық беттердегі фондық суреттер, жалғаннан қорғаудың жаңа элементтері қарастырылған. Паспорттың жаңа тұжырымдамасы Қазақстанның бірегей ерекшеліктерін, ұлттық болмысын, мәдени әртүрлілігін және елдің көрікті жерлерін бейнелейді. Жаңа дизайн жақын уақытта таныстырылады», — деп жазды Ерлан Қарин.

Бүгінде қазақстандық паспорт иелері 79 елге визасыз бара алады. 

Комментарии