Түркістанда О.Жандосов көшесінің жөндеу жұмыстары тамыз айында толық аяқталады

682
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bJ9CDPWdpItZH2YOSmBh9wpSD2L9Bat88SeBiziW.jpg
Жобаның жалпы ұзындығы — 1,3 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары аясында көше бойындағы ескі аяқжолдар толықтай бұзылып, жаңадан жиектастар орнату жұмыстарымен толық аяқталған. Қазіргі таңда жол жабындысын төсеуге дайындық ретінде жол негізін нығайту және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барлығы бекітілген кестеге сай, кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Жоспар бойынша О.Жандосов көшесінің жөндеу жұмыстары тамыз айында толығымен аяқталып, пайдалануға берілмек.
Қала әкімі құрылыс жұмыстарын бақылау барысында мердігер мекемеге жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына күнделікті мониторинг жүргізіп отыруды, тұрғындар тарапынан келіп түсетін ұсыныс-пікірлер мен шағымдарды жедел әрі тиімді қарастыруды жүктеді.
Комментарии