Белгілі журналист Ардақ Назаровты “жекпе-жекке” шақырды

772
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LemOVb6pphg3eS0BKgggkB4OAass6fnG8yQAhBB5.jpg

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровты “жекпе-жекке” шақырды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Журналисттің айтуынша,  бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас болмақ.

“Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын!

Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет.

Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз — бәрі халық алдында ашық айтылсын.

Қолғаптың орнына дипломдарыңызды, студент кезіңізде түскен суреттеріңізді алып келіңіз. Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін.

Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас", -деді журналист.

Сондай-ақ, ол Ардақ Назаровқа шындықты дәлелдеңіз деді. 

«Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр. Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз.

Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз!

Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз», деді Гүлбану Әбенова. 

Комментарии