Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің бұрынғы президенті Левон Тер-Петросянды Армения Республикасы әскери қызметкерлерін халықаралық деңгейде мойындалған аумақтан тыс жерге орналастырды деп айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы caliber.az-ға сілтеп.
Бұл туралы ол 23 қыркүйекте Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Алматы декларациясы қабылданып, ратификацияланғаннан кейін ТПЛ-ға (Левон Тер-Петросянға – ред.) 18 жастағы армян сарбаздарын Армения республикасының халықаралық деңгейде мойындалған аумағынан тыс жерге орналастыруға кім және қандай құқықтық актімен рұқсат берді? Осы сұраққа жауап берсін және ақырында пікірталас өтетін-өтпейтінін түсіндірсін», – деп жазды Пашинян.
Еске салсақ, Алматы декларациясы - 1991 жылы желтоқсанда ТМД нысандары мен принциптері қабылданған құжат. Декларацияға сәйкес, бұрынғы кеңес елдерінің шекарасы кеңес одағы кезінде қалады деп келісілген. Ал Арменияның бұрынғы президенті Левон Тер-Петросян Алматыда қабылданған декларацияны бұзды. Сол уақытта Таулы Қарабақта ашық соғыс басталған еді.
Айта кетейік, соңғы айларда Арменияда билік пен оппозиция арасында Қарабақ мәселесі және елдің шекара қауіпсіздігіне қатысты қызу пікірталастар жүріп жатыр.
Арман Гукасян: Мирный процесс открывает Армении и Казахстану путь к стратегическому энерготранзитному партнерству