Полиция "Қызыл кітапқа" енген өсімдікті жұлды деген күдікпен түркістандық тұрғын ұсталды. Ол жұлған өсімдік "алтын тамыр" болуы мүмкін.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 399 бап 1-тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр. Үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 800 сағаттық қара жұмысқа жегілу жазасы тағайындалады. Сондай-ақ, жеке мүлкі тәркіленіп, үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Күдіктінің айтуынша, бұл шөпті ол емдік мақсатқа пайдалану үшін алған. Қазіргі күні арнайы сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
”Адырна” ұлттық порталы
Новости по теме
В 2023 году местными исполнительными органами города Конаев и районов определены неиспользуемые пастбищные угодья 601 субъекта общей площадью 285,5 тыс. га
