Алматылық кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Аселина Батырдың арасындағы дауға қатысты сот кейінге қалды, деп хабарлайды "Адырна".
Азаматтық іс бойынша алдын ала тыңдау 19 қыркүйекте өтуі тиіс еді. Алайда талап арыз беруші сот отырысына қатыспай, отырысты кейінге қалдыруға өтінішхат жолдаған.
Судья шешімімен, сот отырысы 30 қыркүйекке белгіленді.
Айта кетейік, бұған дейін астаналық блогер Аселина Батыр кондитер Нұршат Ақбергеноваға 18 келілік 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, оны төлемей қойғаны үшін сотқа тартылған еді. Алайда ол алғашқы сот отырысына қатыспады.
Аталған фактіні Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі аудандық соты да растады.
Новости по теме
Увеличение финансирования, новые школы и бесплатные обеды: аким Алматинской области Марат Султангазиев рассказал, какие новшества вводятся с этого учебного года для учащихся
