Дәурен Сәлімбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы 18 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Ниязбекұлы Сәлімбаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды»,—делінген хабарламада.
Бұған дейін ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарын методология және пруденциялық реттеу департаментінің директоры қызметін атқарған.
Новости по теме