Бүгін Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионаты жалғасын табады. 12 қыркүйек, ширек финалдың қалған жекпе-жектері мен жартылай финалдың ойындары басталады, деп хабарлайды “Адырна”.
Қазақстан құрамасынан алты спортшы шаршы алаңға шығып, финал жолдамасы мен медаль үшін таласады.
Күндізгі сессияда екі ширек финал мен бір жартылай финал өтеді:
16:00
- 48 келі. 1/4 финал – Назым Қызайбай (Қазақстан) vs Ханна Охота (Украина)
- 50 келі. 1/4 финал – Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) vs Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
- 60 келі. 1/2 финал – Виктория Графеева (Қазақстан) vs Ребека де Лима Сантос (Бразилия)
Кешкі сессияда тағы үш қазақстандық жартылай финалда өнер көрсетеді:
22:00
- 65 келі. 1/2 финал – Аида Әбікеева (Қазақстан) vs Грейн Мари Уолш (Ирландия)
- +80 келі. 1/2 финал – Елдана Талипова (Қазақстан) vs Агата Кацмарска (Польша)
- +90 келі. 1/2 финал – Айбек Оралбай (Қазақстан) vs Хулио Сезарь Ла Круз (Куба)
Жарыс Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Новости по теме