Тоқаев Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

963
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RBYveGeFv4GdFFAqeaOsaFCQFFqI1D3h6VtOEImy.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы бүгін Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

– Елдеріміз ғасырлардан тамыр тартатын дәстүрлі достық пен өзара қолдауға, халықтарымыздың түпкі мүддесіне арқа сүйеп, шын мәнінде, стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде қарым-қатынас құра алды. Бірлесіп екіжақты, сондай-ақ аймақтық, халықаралық ынтымақтастық деңгейінде қазақ-тәжік ықпалдастығының әлеуетін таныта беретінімізге сенімім мол, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

Комментарии