Қазақстандағы бос жұмыс орындарын шетелдіктер толтыруда - Тоқаев

1862
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/03/jumis.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздегі бос жұмыс орындарының бір бөлігін шетелден келген жұмысшылар толырып отырғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанға кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар аса қажет. Сондықтан  2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланған еді.

Президенттің сөзінше, қазір елімізде мыңдаған бос жұмыс орны бар. Олардың арасында жалақысы едәуір жоғарысы да кездеседі. Дегенмен, бұл орындардың бір бөлігін шетелден келген жұмысшылар толтыруда.

Мемлекет жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы маманын даярлауға қаржы бөліп отыр. Алайда олардың көбі мамандығы бойынша жұмыс істемей, тез табыс әкелетін өзге қызмет түрлерін таңдайды.

Тоқаев адал еңбектің жаманы жоқ екенін айтқанымен, азаматтардың нақты өндірісте жұмыс істеуі елге де, жеке адамға да үлкен пайда әкелетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру қажеттігін айтты.

«Оларға лайықты жалақы төлеу қажет. Бұл – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі», – деді Президент.

Комментарии