Трамп қазақстандық тілшінің сұрағына жауап берді

1226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4z88sCpO2FkcZzK4ibhn804lCM52JDnBAgZGQVqf.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп қазақстандық тілшінің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Хабар" агенттігі тілшісі Ердана Ержанұлы желіге жариялаған видеода Трамптан Қазақстан туралы не ойлайтынын және Қазақстанға сапарлау туралы жоспарын сұраған.

Трамп сапардың мүмкін екенін айтып, "жақсы әңгіме" болғанын атап өтті.

«Сәлем жеткізіңіздер! Сіздердің президенттеріңіз – өте жақсы адам», – деген Трамп.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлескен еді. Әңгіме барысында АҚШ президентін қолпаштаған Мирзиёев Дональд Трампты Ташкентке ресми сапармен келуге шақырған.

Комментарии