Талғардағы оқиға. Ұрланған бала анасына қайтарылды

1623
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы облысында ер адам кикілжің кезінде әйелдің туған бауырын атып өлтіріп, кейін оның кішкентай қызын алып қашқан, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметті ҚР ішкі істер министрлігі растады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдікті арнайы операция барысында ұсталды. Қылмыскерден аңшы мылтығының оқпаны (обрез) тәркіленді. Қыз бала аман-есен анасына қайтарылды, дәрігерлер оның жағдайын тексеріп жатыр.

“Министр оқиғаның барысын жеке бақылауына алды. Қазіргі уақытта қылмыстық істер «Адам өлтіру» және «Баланы ұрлау» баптары бойынша тергелуде”, — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Алматы облыстық полиция департаментінің дерегінше, күдікті мен жәбірленуші бұған дейін жақын қарым-қатынаста болған. 

Алайда олардың арасында жанжал туындап, күдікті әйелдің бауырын атып өлтірген. Артынша баланы ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы ақпарат тараған.

ПД дерегінше, қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Департамент өкілдері барлық мән-жай толық анықталатынын мәлімдеді.

Комментарии