Тоқаевтың Ресейге сапарына дайындық басталды

1686
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jB4vJRvtxASHKBfXBpIKBqxc924HTgZH2t9y8ugd.webp

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ресей СІМ мәлімдеген.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де қарастырған.

Еске сала кетейік, 8 тамыз күні Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың  қараша айында Мәскеуге мемлекеттік сапар жасайтыны туралы айтқан еді. 

Комментарии