Baiqonyr X кинофестивалінің Дебюттік толықметражды көркем фильмдердің халықаралық байқауы – жас режиссерлердің әлемнің түкпір-түкпірінен келген жарқын премьераларын ұсынатын алаңға айналады.
Биылғы жылы іріктеу комиссиясына 45 дебюттік фильм ұсынылып, олардың ішінен жас авторлардың киноөнерге жаңа көзқарасын, жас ұрпақты толғандыратын өзекті тақырыптарды бейнелейтін бар болғаны 5 туынды таңдалды.
Байқауға енген фильмдер:
– «Агния» – режиссер Павел Стратулат (Ресей)
– «Песня Сусхотин» – режиссер Хуснора Розматова (Өзбекстан)
– «Подари мне цветы» – режиссер Василий Слепцов (Ресей, Якутия)
– «Венеция» – режиссер Русудан Чкония (Грузия)
– «Красный сон» – режиссер Сохибер Толиб (Тәжікстан)
Еске саламыз, Baiqonyr X кинофестивалі 2025 жылғы 20–26 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, «Арман» кинотеатрында өтеді.
Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға мүше мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өткізіледі.