Украина Ресейдің мұнай-газ инфрақұрылымына соққысын жалғастыруда

1752
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5SwBgMshfOQy5xljmoHW2KbMNaNoStfErNycdsFQ.jpg

Киев Сызрань мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) мен Ленинград облысындағы Усть-Луга портына соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

шабуыл нәтижесінде порттағы “Новатэк” терминалы өртенген.

Компания бұл жерде шикізатты өңдеп, керосин мен жанармай шығарады. Порт маңындағы зауыт жылына шамамен 6 млн тонна өнім өндіреді және оны толықтай экспортқа жөнелтеді.

Бұған дейін Ленинград облысының губернаторы  әуе қорғаныс күштері Усть-Луга портында 10 дронды, ал Кингисеп ауданында 4 дронды атып түсіргенін хабарлаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Сенбі күні де Санкт-Петербург пен Ленинград облысына дрондар шабуылы тіркелді. Пулково әуежайы бірнеше сағат бойы жұмысын тоқтатып, ондаған рейс кешіктірілді. 

Сонымен қатар, Ростов облысындағы Новошахтинск МӨЗ-і 21 тамыздан бері жанып жатыр. Красный Сулин қаласына су беру уақытша тоқтатылды, барлық ресурс өртті сөндіруге жұмылдырылған.

Шабуылдардан кейін Ресейдің бірқатар өңірлерінде жанармай тапшылығы байқалып, кей жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезектер пайда болғаны айтылды.

Комментарии