«АвтоЖол+» жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы туралы ақпарат жалған – министрлік

1344
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X1xEtPI0bGhgtkNu3diNdbWcbpZzn6JugmCiPEhB.jpg

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернет желісінде таратылып жатқан «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

"Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Аталған ақпараттық материал жалған және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін", делінген хабарламада.

Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.

Комментарии