Астанада Назарбаев Университетінің студенті 12-қабаттан құлап қаза тапты

1246
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RhUcrKgEJyWFe87FdcsslkUVxVRBWD0tMKPFSI1M.jpg

Астанада Назарбаев Университетінің 22 жастағы студенті жатақхананың 12-қабатынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Оқиға 15 тамызда болғанымен, бұл туралы ақпарат жақында ғана белгілі болды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Университеттің баспасөз қызметі де қайғылы жағдайды растады. Олар марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтып, жалған әрі тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырды.

«Университет қайғырып отырған отбасына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қажетті шаралар жедел қабылданды: төтенше қызметтер мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды, сондай-ақ психологиялық қолдау көрсетілуде», – делінген ресми хабарламада.

Комментарии