Қорғаныс министрінің орынбасары және әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

1937
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oHgKxrYGV8X6A8ruFVxAk7n1CLyJozFxuVxCPxLM.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна”.

"Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, президент өзінің келесі бір өкімімен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын тағайындады. Бұл қызметті атқаруға Қанат Ниязбеков келді. 

Комментарии