"Құтқарудың орнына күліп тұрды". Балқашта қайықпен серуендеу кезінде үш қыз суға батып кете жаздаған

1345
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lNcR8wrw5BfPd4KJ0ig8XeSMi4JUxmgs116pC9MM.jpg

Балқаштағы демалыс орнында қайықпен серуендеу кезінде үш қыз суға батып кете жаздап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бойжеткен оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Оның сөзінше, су көлігіне мінер алдында қыздардың бірі жүзе алмайтынын ескертіп, артық қимыл жасамауды сұраған. Алайда қайық тізгіндеген жігіттер бұл ескертуді елемей, кенет бұрылыс жасаған. Салдарынан қыздар суға құлаған.

Бір қыз құтқару жилетін дұрыс кимеген болса, екіншісінің шомылу киімі тросқа оралып, тұншыға бастаған. Сол сәтте қызметкерлер көмекке асықпай, керісінше, күліп қарап тұрғаны айтылды. Қыздардың бірі есінен танып қалған, ал өзгелері оны жағаға шығарып, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер үш адамға «аспирациялық пневмония» диагнозын қойып, ауруханаға жеткізген.

Зардап шеккендер бұл жағдайды «қылмыстық немқұрайлылық» деп санайды және кінәлілердің заң алдында жауапқа тартылуын талап етуде.

"Біз қауіпсіз аттракционды таңдадық, сақ болуды ескерттік, қызмет көрсетушілерге сендік. Соңында өмірімізден айрылуымыз мүмкін еді. Бүгін біз бір-бірімізді құтқардық, ал ертең бұл жерде басқа адамдар немесе балалар болуы мүмкін. Біз үнсіз қалсақ, мұндай жағдайлар қайталана береді", — дейді жәбірленушілер.

Комментарии