Мешітте қызға “бір реттік неке” ұсынған ер адамға қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасады

1013
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TMGdLBocmkb4A70Pp2RdB4QjS4jBlv1VPUbt32vo.jpg

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттің шыға берісіндегі есік алдында қызға орынсыз сөз айтқан ер адамның ісін айыптады, деп хабарлайды “Адырна”.

 Қазір әлеуметтік желіде Ақтөбедегі мешіт ішінде болған оқиға туралы түрлі пікір тарап жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған орай мәлімдеме жасады.

“Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы. Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес. ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз”,- деп жазылған мәлімдемеде.

Еске салсақ, Ақтөбе тұрғыны орталық мешітке барып, есік алдында өзін бөгеп тұрған ер адам туралы жазды. Кейін бұл оқиға көпшілік арасында кең тарап, талқыға түсті. Полиция мешіт ішінде келушіге тиіскен ер адамды полиция бөлімшесіне жеткізді. 

Сот қаулысымен 42 жастағы ер адам 5 тәулікке қамалған еді.

Комментарии