Қысқарту. Трамп Путинге келісімге келу үшін 10-12 күн уақыт берді

1889
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинамен бейбіт келісімге келу үшін 10–12 күн уақыт беретінін айтты. Бұл туралы Трамп Ұлыбритания премьер-министрімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

«Бүгіннен бастап 10-12 күнге ұласатын жаңа мерзім белгілеймін», — деген Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрімен кездесу барысында.

Ресей билігі әзірге АҚШ президентінің бұл сөзіне қатысты пікір білдірмеді. Ал Украина алғыс айтты.

«АҚШ президентінің айқын ұстанымы мен нақты шешімі дәл қазір өте маңызды. Қазір шынайы бейбітшілікке күш арқылы ғана қол жеткізуге болады», — деді Владимир Зеленский.

Айта кетсек, Трамп 28 шілдедегі Шотландияға сапарында журналистермен сөйлесіп, «Путиннен көңілі қалғанын» жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Ресейге Украинамен бейбіт келісімге келу үшін 50 күн уақыт берген.

Комментарии