Ұлттық банк «Ұлы қолбасшылар»сериясынан жаңа коллекциялық монета шығарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«29 шілдеден бастап «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатылымға шығады»,—делінген хабарламада.
Монетаны ҚҰБ-тың ресми интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол 925 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Новости по теме