АҚШ-та жолаушылар ұшағынан өрт шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды

932
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bxRD31UMOsGw1IExG5OI6V7XESXI4HoZFeNl0CV5.jpg

Delta Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 767 жолаушылар ұшағынан өрт шығып, Лос-Анджелес әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, ұшудан кейін бірден ұшақ экипажы қозғалтқыштан ақау байқаған. Олар шұғыл түрде әуежайға оралуға рұқсат сұрап, әуежайды бір айналып өткеннен кейін ұшақты сәтті қондырған.

“Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қозғалтқыштағы өрттің нақты себебін АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасы анықтап жатыр”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қозғалтқыштағы өрт сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тез тарады. Кадрлардан Boeing ұшағының бір турбинасынан от шығып жатқаны анық көрінеді. Бұл сәтте ұшақ биікке көтеріліп бара жатқан.

Комментарии