Премьерге сұрақ. Назарбаевтар әулетіне тиесілі активтер қашан толық қайтарылады?

1835
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dwrfcbPSZRRUHqx42PnFglj5hXDt1IabeBGjgRY8.jpg

Назарбаевтар әулетіне тиесілі активтер қашан қайтарылады?  Бұл мәселе үкімет отырысынан кейін өткен брифингте көтерілді. БАҚ өкілі премьер-министр Олжас Бектеновтен әулетке өтіп кеткен активтердің қашан қайтарылатынын сұрады, деп хабарлайды “Адырна”.

«Қаңтар оқиғасынан кейін халық Назарбаевтар әулетіне қатысты елде оң өзгерістер болады деп сенді. Бірақ Назарбаевтар әулеті әлі де, шалқып-тасып өмір сүріп жатыр. Активтер қайтарылып жатқан жоқ. Бұл әулеттен қандай қаражат қайтарылып жатқанын көзбен көріп отырған жоқпыз. Осы орайда үкімет көзбояушылықпен айналысып жатқан жоқ па?» – деп сұрады журналист.

Бектенов үкіметтің көзбояушылықпен айналыспайтынын, елде барлығы заң негізінде жүзеге асатынын айтты. Ал әулет өкілдерінен қаражат қайтарылып жатқанын жеткізді.

«Ешкім көзбояушылықпен айналысып жатқан жоқ. Жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Өзіңіз білесіз, әулет өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Барлығы заң негізінде жүзеге асуы керек. 900 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл да аз ақша емес. Біз ақырындап осындай нәтижеге қол жеткіздік. Мұның барлығы бір күнде істелген жоқ. Жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр. Егер кімде-кім заңды бұзса жауапқа тартылады», - деді Бектенов.

Комментарии