Павлодарда ер адам жұмыс орнында жарақат алып, қайтыс болды

938
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3KCe2JyUkBY2Lkdc62Cr6tU472UUIZRgTEni5T6D.jpg

Павлодарда ер адам жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

12 шілде күні таңертең Назарбаев даңғылы бойындағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеп жүрген азамат жауын суын өткізетін құбырларды тазалау кезінде қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша, ер адам қауіпсіздік каскасын кимеген. Нәтижесінде ауыр бас жарақатын алып, сол жерде жан тапсырған. Полиция бұл оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы дерегімен қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін, 8 шілдеге қараған түні Павлодар – Қызылорда автожолының бойында тағы бір қайғылы жағдай тіркелген. Береке мен Төртқұдық ауылдарының арасында MAN маркалы автоцистернаның жүргізушісі бензин жинау үшін көлік цистернасының үстіне шыққан. Алайда абайсызда ішіне құлап кетіп, сол сәтте көз жұмған. Бұл дерек те құзырлы органдар тарапынан тергеліп жатыр.

Комментарии