Әйгілі канадалық әнші Джастин Бибер Қазақстан табиғатына қызығушылық танытып, Маңғыстау облысындағы Боқты тауының суреттерін әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әнші танымал @earthbestshots парақшасындағы Боқты тауының әсерлі фотосуреттерін өз парақшасына репост жасап, қазақстандық қолданушылар арасында қызу пікір тудырды. Бұл фотосуреттерді әлемге танымал фотограф Даниэль Кордан түсірген.
Биіктігі 165 метрге жететін Боқты тауы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орналасқан. Оның ерекше пішіні мен қабатты құрылымы күннің шығуы мен батуы кезінде алтын және от түстес реңкке боялады. Халық арасында бұл тау "Тирамису" деген атауға да ие.
Новости по теме