Екатеринбургтегі әзербайжандықтардың өлімі. ЕО өкілі Ресейді айыптады

1126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6nmjX54qiI5lC0Sp85nKnqWU6AATSq02dvRXEn91.jpg

Ресей билігінің этникалық азшылықтарға, соның ішінде әзербайжан ұлтының өкілдеріне қатысты әрекеттері халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр. Бұл туралы Еуропалық Одақтың ресми өкілі Анита Хиппер Брюссельде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

“Мұның салдары зорлық-зомбылыққа, азаптаулар мен адам төзгісіз қарым-қатынасқа әкеліп, адамдардың қаза табуына себеп болып отыр”, – деді ол.

Екатеринбургтегі этникалық әзербайжандарға қатысты орын алған ауыр оқиғалар мен өзге қалалардағы рейдтер туралы сұраққа жауап берген Хиппер, Ресей күштік құрылымдарының этникалық әзербайжандарға қатысты зорлық, азаптау мен адамгершілікке жатпайтын әрекеттері жөніндегі хабарламаларға байланысты алаңдаушылық білдірілгенін айтты. Оның сөзінше, бұл алаңдаушылықты бұған дейін ЕО-ның Әзербайжандағы елшісі Петер Михалко да жеткізген болатын.

Анита Хиппердің айтуынша, бұл Еуропалық Одақтың ресми ұстанымына толық сәйкес келеді.

Еске салайық, 27 маусым күні таңертең Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Екатеринбург қаласындағы әзербайжан азаматтарының үйлеріне рейд жүргізді. Арнайы операция барысында екі адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Қаза тапқандар – танымал журналист Сейфаддин Гусейнлидің бауырлары Олар 1 шілде күні Әзербайжанның Агджабеди қаласында жерленді.

Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі (СІМ) бірнеше рет ресейлік тараптан бұл оқиғаны ашық тергеуді және кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен мәлімдемелер жасаған болатын. Осы оқиғаға байланысты Әзербайжан СІМ-не Ресейдің уақытша сенімді өкілі мен Бакудегі елшісі шақырылып, оларға ресми наразылық білдірілді.

Сонымен қатар, Әзербайжан Бас прокуратурасы бұл оқиға бойынша жеті бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала тергеу жұмыстарын Бас прокуратураның тергеу басқармасы жүргізуде. Арнайы тергеу тобы құрылып, белсенді тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Комментарии