Шымкентте полицей әріптесін зорлады деген күдікке ілінді

949
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OLqMhbXO5Qe84vPg4w5GXOZhw2T9DKeUMsbgaYnX.jpg

Шымкент қаласында аудандық полиция бөлімінің бастығы өз әріптесін зорлады деген күдікпен тергеуге алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Информбюроға сілтеп.

Қазіргі уақытта полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті. Оқиғаның толық мән-жайы әзірге жария етілмеді. Бейресми деректерге сәйкес, жәбірленуші күдікті полицейдің қарамағында жұмыс істеген және қазір жүктіліктің алғашқы кезеңінде болуы мүмкін.

Алайда ақпарат ресми расталмаған.

Шымкент қалалық полиция департаменті күдікке ілінген полицейдің қызметінен уақытша шеттетілгенін хабарлады. Сонымен қатар, ішкі қауіпсіздік басқармасы да қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген Шымкент қалалық ПД хабарламасында

Комментарии