Абай облысында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Дүмпу 23 маусым Астана уақыты бойынша сағат 01:23-те тіркелген.
«Абай облысында Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 47.19 градус солтүстік ендік, 81.22 градус шығыс бойлық. Жер сілкінісінің магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс К=9.70»,—делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Новости по теме