Астанада жеңіл моторлы TL-2000 ұшағы құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе апаты 22 маусым күні сағат 11:30 шамасында Жоламан аэродромы маңында орын алған.
«Ұшақ оқу-жаттығу рейсін орындап жатқан. Әуе кемесі жекеменшік тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта екі экипаж мүшесі болған. Өкінішке қарай, екеуі де қаза тапты», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды. Оқиға орнына Көлік министрлігіне қарасты Көліктегі апаттар мен оқиғаларды тергеу департаментінің мамандары жөнелтілді.
Новости по теме