Оралда жол апатынан 13 жастағы қыз көз жұмды

1008
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6BVtR4v7EAQobITRD65xRAdMhclcBLcNWC9azWtS.jpg

Орал қаласында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

Оқиға 2024 жылғы 20 маусым күні С. Датұлы көшесіндегі көпірде болған. Сағат шамамен 17:30-да 2011 жылы туған қыз белгіленбеген жерден жолды жүгіріп өтпек болған сәтте, оны 1999 жылғы жүргізуші тізгіндеген «Лада Гранта» көлігі қағып кеткен.

«Жедел жәрдем қызметкерлері қызды құтқаруға бар күшін салғанымен, ол есін жимастан оқиға орнында көз жұмды», – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға болған аумақта көлік қозғалысы біраз уақытқа кідіріп, жолда кептеліс орын алған.

Комментарии