«Самұрық-Қазынаға» қатысты компания басшылары 7,7 млрд теңге сыйақы алған

934
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dC4d7XJ9HjNpPdy2Ta49RbQnHLl9fPb5CY01QJKs.jpg

«Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 2024 жылы 7,7 млрд теңге сыйақы алған. Бұл ақпарат KASE сайтында жарияланған тәуелсіз аудитор жасаған есепте көрсетілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде қор мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңестері мен басқарма мүшелерінен тұратын негізгі басқарушыларына төленген сыйақылардың жалпы сомасы 7 миллиард 687 миллион теңге болды. Бұл сома тіркелген кіріс бойынша жиынтық табыс туралы біріктірілген есептегі жалпы және әкімшілік шығыстар құрамына енгізілген»,—делінген есепте. 

Сонымен қатар әлеуметтік салық пен аударымдарды қоса алғанда, жалақы бойынша жалпы шығындар 301,9 млрд теңгені (өткен жылы — 271,3 млрд теңге) құраған.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорын қайта жаңалауды талап еткен еді. Ол қордың қазіргі қызметі қоғамның үмітін ақтамай отырғанын мәлімдеді.

«Қордың қызметінде экономикалық тиімділік, ашықтық пен есептілік жетіспейді. Сонымен қатар, оның еншілес ұйымдарының нарықтық экономикаға негізсіз араласу тәжірибесі кең етек алған», - деді депутат.

Комментарии